О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

239-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 239. Доход от реализации сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
Егер әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде басқа тұлғадан алынуға жататын (алынған) кірістер, осындай кірістерді қоса алғанда, жылдық жиынтық кірістің 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне осындай кірістердің әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын шығыстардан асып кетуі қосылады.
2. Салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі:
1) мына қызмет түрлерінің бірінде немесе бірнешеуінде: демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы; ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы, тарихи-мәдени мұраны, архив құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметте пайдаланылатын;
2) тұрғынжай қорының объектісі болып табылатын мүлік әлеуметтік сала объектісі болып табылады. Осы бапта белгiленген шарттар сақталмаған кезде әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдаланудан болатын кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-239/