О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының және жүк тасымалдаушының шығыстарын Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес шегеру

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес: ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың; «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қордың ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға (ақша аударуға) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай: есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сома, алу есепті салықтық кезеңде осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар деген тәртіппен айқындалған оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс.
3. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.
4. 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VI Заңымен.
5. 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.
6. 01.01.2022 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII Заңымен.
7. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-255/