О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

256-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының төлеуіне жататын немесе ол төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерімге жатады.
2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушыда – банкте жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналардың сомасы шегерiмге жатады.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасы шегерімге жатады.
3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті және қосымша жарналардың сомасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктерден, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан (ломбардты қоспағанда) және өзге де заңды тұлғалардан шегерімге жатқызылады.
5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушыда – астық қабылдау кәсiпорнында астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік беруге байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-256/