О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

257-бап. Жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жұмыс берушінің:
1) мыналарды: тіркелген активтердің; преференциялар объектілерінің; амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатындарды;
2) запастардың өзіндік құнына қосылатындарды және осындай запастардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өзіндік құны арқылы шегерімге жатқызылуға жататындарды;
3) осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес келесі шығыстар деп танылатындарды;
4) салық төлеушінің осы баптың 2-тармағында көзделген шығыстарын қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады. Жұмыс беруші жұмыскерді оқытуға, жұмыскердің біліктілігін арттыруға және (немесе) оны қайта даярлауға жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар да шегерімге жатады.
2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 9-1), 10), 10-1), 10-2) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 46) және 48) тармақшаларында көрсетілген шығыстары, оның ішінде жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.
3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.
4. Салық агенті жұмыскердің пайдасына төлеген ерікті зейнетақы жарналары шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-257/