О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

264-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Мыналар:
1) кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
1-2) цифрлық майнингтік пул көрсететін қызметтер бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның шығыстары;
2) сот тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осындай салық төлеушіден іс жүзінде алынғанын анықтаған операцияларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімімен анықталған, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысты болмайтын салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіні әрекет етпейтін деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап онымен жасалған операциялар бойынша шығыстар;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған, жазып берілуі заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық тергеп-тексеру органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен танылған шот-фактурада және (немесе) өзге де құжатта көрсетілген сома бойынша шығыстар;
5) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;
6) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұл);
7) осы Кодексте өздері үшін шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормалар қолданыла отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;
8) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және төлемдер үшін) заңнамасында белгіленген мөлшерлерден артық есептелген (есепке жазылған) және төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомасы;
9) осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерінің құнына енгізілетін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
10) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде берген мүліктің құны шегерімге жатпайды. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шегілген шығыстар мөлшерінде айқындалады;
11) осы Кодекстің 411-бабын қолданатын салық төлеушіде туындаған, есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасының салықтық кезеңде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
12) осы Кодекстің 250, 252 және 253-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
13) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін запастардың баланстық құны;
14) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;
15) салық төлеушінің осы Кодекстің 228-бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары;
16) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстар;
17) мемлекет атынан алушыда – жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемінің құны;
18) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін активтердің баланстық құны;
19) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемінің құны;
20) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының: осы ұйым Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және бас банкке аударылған ақша түріндегі; Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты емес шығыстары;
21) коммерциялық емес ұйымдардың осы Кодекстің 289-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстары;
22) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасау күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада төлем кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығы ескеріле отырып, қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы төлеу жүргізілген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкердің немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның шығыстары;
23) бейрезидент – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген өзара байланысты тараптан басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік көрсетілетін қызметтерді, роялтиді, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтарды сатып алу жөніндегі шығындар шегерімге жатпайды. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсатында: осы Кодекстің 1-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар; басқа заңды тұлғамен бірлесіп, компаниялардың бір тобына кіретін заңды тұлға; жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арасындағы қатынастар осы бөлікте көрсетілген шарттарға қарамастан, өзара байланыстылық белгілеріне ие болған кезде, мұндай тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады. Бұл ретте салық төлеуші өзара байланыстылықты танымаған жағдайда, мұндай тануды сот салық органының талап қоюы негізінде белгілейді. Осы тармақшаның екінші бөлігінің мақсатында компаниялар тобы деп бас компанияны және акцияларын, қатысу үлестері мен өзге де үлестік құралдарын осындай бас компания тікелей немесе жанама иеленетін компанияларды қамтитын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құрылымы түсініледі.
24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттар немесе басқа да өтеусіз көмек есебінен жүргізілген шығындар шегерімге жатпайды.
3-параграф. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-264/