НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

286-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Мыналар:
1) кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
2) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл);
4) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормалар қолданыла отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;
5) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар мен төлемдер үшін) заңнамасында белгіленген мөлшерлерден артық есептелген (есепке жазылған) және төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомасы;
6) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде берген мүліктің құны шегерімге жатпайды. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады;
7) осы Кодекстің 490-бабын қолданатын салық төлеушіде туындаған, есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасының салықтық кезеңде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
8) осы Кодекстің 268, 301 және 323-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
9) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін запастардың баланстық құны;
10) салық төлеушінің осы Кодекстің 25-тарауының 4-параграфына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары;
11) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін активтердің баланстық құны;
12) коммерциялық емес ұйымдардың осы Кодекстің 329-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстары;
13) төлем жасау күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада төлем кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығы ескеріле отырып, қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы төлеу жүргізілген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкердің немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның шығыстары;
14) осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 14) тармақшасы қолданылған кезде, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асырудан және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынудан кіріс алуға бағытталған шығыстары;
15) осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 15) тармақшасы қолданылған кезде, Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмнің құқық иеленушісінің «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айрықша құқығы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осындай ұлттық фильмді прокаттаудан және кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан болатын шығыстары;
16) салық төлеушінің оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алған күнге осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстары шегерімге жатпайды. Растайтын құжаттар негізінде тауарларды сатып алушыға іс жүзінде берген күн тауарларды алған күн болып танылады. Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алған күн болып танылады;
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттар немесе басқа да өтеусіз көмек есебінен жүргізілген шығындар шегерімге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-286/