О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

277-бап. Жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 289. Общие положения орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Салық салу мақсаттарында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсаттарында;
2) базалық активті беру мақсаттарында;
3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 278, 279-баптарына және 299-бабының 3-тармағына сәйкес кіріс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда, туынды қаржы құралының салықтық есепке алынуы осы Кодекстің 280 және 281-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Туынды қаржы құралдары бойынша кіріс хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер бойынша түзіледі және ол мынадай тәртіппен айқындалады: хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын, осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша кірістердің жалпы сомасы, алу хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салықтық кезеңдегі залалдардың жалпы сомасы алу туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған залалдар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-277/