Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
289-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 277. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 282. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсатында;
2) базалық активті беру мақсаттарында;
3) өзге де мақсатта пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 290, 291-баптарына және 342-бабына сәйкес кіріс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда, туынды қаржы құралының салықтық есепке алынуы осы Кодекстің 292 және 293-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Туынды қаржы құралдары бойынша кіріс хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсатта пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер бойынша түзіледі және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсатта пайдаланылатын, осы Кодекстің 290 және 291-баптарына сәйкес айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша кірістердің жалпы сомасы
алу
хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салықтық кезеңдегі залалдардың жалпы сомасы
алу
туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған залалдар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-289/