О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

282-бап. Жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 289. Общие положения орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, салу басталған салықтық кезең шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, салуға арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
2. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеке жүргізіледі.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеке айқындалады. Кірістерді айқындаудың таңдап алынған әдісі әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша қолданылатын әдістерді көрсетуге арналған салықтық тіркелімде көрсетіледі және оны ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану мерзімі ішінде өзгертуге болмайды. Осындай салықтық тіркелім немесе онда таңдап алынған әдіс туралы ақпарат болмаған кезде іс жүзіндегі әдіс осындай әдіс болып танылады.
4. Салықтық кезеңде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шегілген шығыстар сомасы осы бөлімнің 2, 3 және 4-параграфтарына сәйкес шегерімге жатқызуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-282/