О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелерi бірлестігінен, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады: мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс; депозиттер бойынша сыйақы; кiру жарналары және мүшелiк жарналар; көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары; депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi; өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік. Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары деп танылады: пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін ақша жинақтауға бағытталған міндетті шығыстары; көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабуға бағытталған міндетті шығыстары; көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің нысаналы жарналарды төлеуге арналған шығыстары; көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға ақы төлеуді өткізіп алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есепке жазылған өсімпұл. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері және оларды көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің төлеу тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысында бекітіледі. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы тармақта көзделген жылдық жиынтық кірістен алып тастау жүргізілмейді.
3. Коммерциялық емес ұйымның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістері жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы мына тәсілдердің бірімен: осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістердің коммерциялық емес ұйым кірістерінің жалпы сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып; осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың және басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың бөлек есепке алынуын көздейтін салықтық есепке алу деректері негізінде айқындалады.
4. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 291-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 290-бабына сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-289/