О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

301-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 338. Учет убытков орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар жаңадан құрылған салық төлеушілер арасында бөлу балансы негізінде берілетін активтер құнының бөлу балансы жасалған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға активтерінің құнындағы үлес салмағына пропорционал түрде бөлінеді және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-301/