О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

302-бап. Корпоративтік табыс салығының сомасын есептеу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы мынадай тәртiппен есептеледi: осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтiндiсi қосу осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 300-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салу объектісінің көбейтіндісі қосу осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі қосу осы Кодекстің 313-бабының 1-2-тармағында белгіленген мөлшерлеме мен осы Кодекстің 223-бабының 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектісінің көбейтіндісі алу осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы алу салықтық кезеңде ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы алу сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 3-тармағына сәйкес алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған корпоративтік табыс салығының сомасы алу салықтық кезеңде сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын төлем көзі ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, осы салықтың сомасына азайтылады. Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма соңғы кезеңі қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдердің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-302/