Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
306-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 347. Сроки и порядок уплаты корпоративного
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық төлеушiлер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
2. Осы Кодекстің 305-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 314-бабында белгiленген салықтық кезең iшiнде, осы Кодекстiң 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде, әрбір айдың
25-інен кешiктiрмей әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.
3. Салықтық кезең iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдердің сомасы есепті салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлеудi декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
4. Салық төлеуші салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 315-бабының 4-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-306/