Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
347-бап. Корпоративтік табыс салығын
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 306. Сроки и порядок уплаты корпоративного
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 658. Порядок исчисления и уплаты индивидуального
· толық сәйкестік кестесі
төлеу мерзімі мен тәртібі
1. Салық төлеушiлер осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
2. Салықтық кезең iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдердің сомасы есепті салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлеудi декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
3. Салық төлеуші салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің 33-тарауына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 359-бабының 4-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-347/