Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 375. Доход в виде единовременных пенсионных выплат
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
Салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
3)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;
4)
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-326/