Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Мыналар салық салуға жататын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады:
1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында айқындалған, төленген (төлеуге жататын) дивидендтер;
2) төленген (төлеуге жататын) сыйақылар;
3) төленген (төлеуге жататын) ұтыстар.
Осы тараудың мақсаттары үшін салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кіріске сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алынған, сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан алған таза кірісі де жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-327/