Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіби медиатордың кірісі.
2. Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты алынған шығыстарды өтеу сомаларын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған кірістердің барлық түрі жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
3. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айда алынған кірістері бойынша есептеледі.
4. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төленуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-336/