Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
335-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 391. Доход от уступки права требования, в том числе
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1.
Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
2.
Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3.
Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға бұрын осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-335/