О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы баптың және осы Кодекстің 297-бабының ережелері ескеріле отырып есептелген жиынтық пайдасы резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіреді және оған Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынады. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің мұндай жиынтық пайдасы жеке тұлғалардың кірістері және мүлкі туралы декларацияға енгізуге жатады.
2. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақыланған кезде;
2) бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақыланған кезде;
3) егер бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте пайда салығы 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына сол арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылау жасайтын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса;
6) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті бақыланатын шетелдік компанияны тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады. Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін резидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 296-бабының 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.
3. Резидент-жеке тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар: 1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы: А = ҚП × (К(1)/КЖС), мұнда: А – азайту сомасы; ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы; К(1) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі кірісі; КЖС – кірістердің жиынтық сомасы; 2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы: А = ҚП × (К(2)/КЖС), мұнда: А – азайту сомасы; ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы; К(2) – егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кірісті ескере отырып айқындалған болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кіріс; КЖС – кірістердің жиынтық сомасы; 3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын дивидендтер; 4) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компания басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс; 5) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан бұрын жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салуға жатады) және (немесе) осы тармақтың 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес азайтылған дивидендтерді қамтуға тиіс; 6) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы: А = ҚП × (К(6)/КЖС), мұнда: А – азайту сомасы; ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы; К(6) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер; КЖС – кірістердің жиынтық сомасы; 7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы: А = ҚП × (К(7)/КЖС), мұнда: А – азайту сомасы; ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы; К(7) – егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағы 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға өткізуден алған құн өсімінен түсетін кіріс; КЖС – кірістердің жиынтық сомасы; 8) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер; 9) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған дивидендтердің сомасы; 10) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпаған дивидендтерді қамтуға тиіс. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды. Осы тармақты қолдану үшін резидент-жеке тұлғада осы Кодекстің 297-бабының 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттар болуға тиіс.
4. Резидент-жеке тұлға осы Кодекстің 298-бабында айқындалған тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау) туралы өтініш ұсынуға міндетті. Ескертпе. Осы бапта пайдаланылатын ұғымдар осы Кодекстің 294-бабында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-340/