Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 398. Общие положения по контролируемой
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-339/