Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
345-1-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 438. Налоговый вычет социальных платежей
орналасуы бойынша
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық агентінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына, оларды есептеу күніне сай келетін салықтық кезеңде қолданылады.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімді жеке тұлға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар сомасына мынадай күндердің неғұрлым кешірек болатын күні:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды есептеу күні;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды төлеу күні сай келетін салықтық кезеңде, осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттың негізінде өз бетінше қолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-345-1/