О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

345-бап. Зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске салықтық шегерім мынадай мөлшерлерде қолданылады:
1) осы Кодекстің 326-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 168 еселенген мөлшерiнде.
2. Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру төлемдері түріндегі, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кіріс есепке жазылатын әрбір ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері сомасында салықтық шегерім қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-345/