Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
347-бап. Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1.
Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:
1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне – әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23,5 еселенген мөлшерінде;
2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 11,75 еселенген мөлшерінде қолданылады.
2.
Шегерім қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғаның кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы болған жағдайда көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім қолданылады, ол осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-347/