О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

348-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына жұмсалған ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2. Ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжат болып табылады.
3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім ерікті зейнетақы жарналарын төлеу күніне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады.
4. Осы баптың ережелері ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-348/