Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
350-бап. Медицинаға арналған салықтық шегерім
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 438. Налоговый вычет социальных платежей
орналасуы бойынша
· толық сәйкестік кестесі
1.
Медицинаға арналған салықтық шегерім:
1) медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа);
2) ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2.
Медицинаға арналған салықтық шегерімді:
1)
Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша;
2) заңды өкілдердің бірі он сегіз жасқа толмаған, өзі өкілдік ететін Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша қолданады. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған, өзі өкілдік ететін адам медицинаға арналған салықтық шегерімді дербес қолданған жағдайда заңды өкіл көрсетілген салықтық шегерімді қолданбайды.
3.
Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4.
Медицинаға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құны бөліп көрсетілген, ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;
2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын ауру тарихынан үзінді көшірме;
3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық шегерімді қолданған кезде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты;
4) ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді немесе сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат.
5.
Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:
медициналық көрсетілетін қызметтерді алу күні;
медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу күні.
6. Ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетiн салықтық кезеңде қолданылады:
ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шартында белгіленген, сақтандыру сыйлықақыларын өтеу күні;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу күні.
7. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтерге шетел валютасымен ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-350/