Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
351-бап. Сыйақылар бойынша салықтық шегерім
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 438. Налоговый вычет социальных платежей
орналасуы бойынша
· толық сәйкестік кестесі
1.
Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы сыйақылар бойынша салықтық шегерімді банктерден және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2.
Сыйақылар бойынша салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
3.
Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады:
1) банкпен немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
2) сыйақы сомасы бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат.
4.
Салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады:
ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні;
сыйақыны төлеу күні.
5.
Сыйақы шетел валютасымен төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-351/