Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
370-бап. Салық салынбайтын айналым
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 378-бабына сәйкес айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің
441-бабына сәйкес айқындалады;
3) осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-370/