Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
450-бап. Салық салынбайтын айналым
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 370. Необлагаемый оборот
· толық сәйкестік кестесі
Мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 459-бабына сәйкес айқындалады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 515-бабына сәйкес айқындалады;
3) осы Кодекстің 474-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым;
4) ойын бизнесі саласындағы қызмет бойынша айналымдар;
5) салық салудың арнаулы салықтық режимі қолданылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар;
6) лотерея қызметі бойынша айналымдар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-450/