Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
373-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 454. Оборот по приобретению работ, услуг от нерезидента
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер:
1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің
394-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса;
2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтаруға жатпайтын импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе;
3) мыналарға:
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 291-бабы
1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе;
4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің
50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын салық салынатын импорттың мөлшеріне енгізілсе;
5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің
372-бабының 4-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің айналымы болып табылса;
6) дара кәсіпкер бейрезиденттен алған электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 25-бөліміне сәйкес төленген қосылған құн салығының сомасы қосылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-373/