НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

454-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

алу бойынша айналым
1. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны осы Кодекстің 50-тарауында көзделген тәртіппен жазып береді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер:
1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 474-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса;
2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе;
3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 17-бабында көрсетілген заңды тұлғаларға осындай жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе;
4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы Кодекстің 518-бабына сәйкес айқындалатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық салынатын импорттың мөлшеріне енгізілсе;
5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 452-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің айналымы болып табылса;
6) бейрезиденттен алынған электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес шетелдік компания төлеген қосылған құн салығының сомасы енгізілсе, бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды. Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіндегі немесе қызметтер көрсету фактісін растайтын өзге құжаттағы бөлінген салық сомасы шетелдік компанияның электрондық нысанда көрсетілген қызмет құнына қосылған құн салығының сомасын енгізгенін растау болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-454/