Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
382-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымның мөлшері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 463. Размер оборота по приобретению работ,
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымның мөлшері төлем көзінен ұстап қалуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, осы Кодекстің
373-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алына отырып айқындалады. Бұл ретте сатып алу құны:
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған кезде – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат негізінде айқындалады.
Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-382/