НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

463-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

алу бойынша айналым мөлшері
1. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері төлем көзінен ұстап қалуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, осы Кодекстің  454-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алына отырып айқындалады. Бұл ретте сатып алу құны: орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған кезде – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат негізінде айқындалады.
2. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым айналымды жасау күніне белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-463/