О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

385-бап. Салық салынатын импорттың мөлшері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-385/