НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

466-бап. Салық салынатын импорттың мөлшері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнаулы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.
2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырыла отырып қайта өңдеу өнімдерін импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшері ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны ретінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-466/