О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

392-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
2. Мыналар нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері. Осы баптың мақсатында салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты деп түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-392/