Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
472-бап. Аффинирленген алтынды өткізу бойынша айналым
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 392. Оборот по реализации аффинированного золота
· толық сәйкестік кестесі
1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Ұлттық Банкке бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
2. Мыналар нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтынның саны көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Осы баптың мақсатында салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізат өз өндiрiсiнің шикiзаты деп түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-472/