Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
396-бап. Жерге және тұрғын ғимараттарға байланысты өткізу бойынша айналымдар
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 476. Обороты по реализации, связанные
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар қосылған құн салығынан босатылады:
1) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) өткізу;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) жалға (қосалқы жалға) беру;
3) студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Мыналарды:
1) ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) орналастыру үшін берілген және (немесе) пайдаланылатын жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді және (немесе) оны жалдауды;
2)
тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу кезінде жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді;
3)
тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бөлігі) орналасқан жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді, оның ішінде жер учаскесін (жер үлесін) жалға беруді (қосалқы жалға беруді) қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін (жер үлесін) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-396/