НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

476-бап. Жерге және тұрғын ғимараттарға

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

байланысты өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар қосылған құн салығынан босатылады:
1) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылысы басталған және (немесе) пайдалануға қабылдау жүзеге асырылған тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу. Осы тармақшаның ережелерін осындай тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) салуды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) тұлға қолданады;
2) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) жалға беру;
3) студенттік және мектеп жатақханаларын, балалар демалыс үйлерін өткізу;
4) студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Мыналарды:
1) ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) орналастыру үшін берілген және (немесе) пайдаланылатын жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді және (немесе) оны жалға беруді;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу кезінде жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді;
3) осы баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, қосылған құн салығы салынуға жататын тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу кезінде жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді қоспағанда, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін (жер үлесін) жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-476/