Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
401-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 481. Дата отнесения в зачет налога на добавленную стоимость
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні;
2) осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күні.
Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күндері ерекшеленетін және әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған салықтық кезеңде есепке алынады.
Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып беру күні көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактураны жазып беру күні болып танылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 – 6-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;
2)
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.
3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:
1) бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде осы Кодекстің 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды жүргізу арқылы салықты төлеу есебіне жүзеге асыру күні;
2) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.
4. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Бұл ретте осы Кодекстің 419-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген қосымша шот-фактура бойынша қосылған құн салығының сомасы күші жойылды деп танылған қосымша шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
6. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясын, жүйелік көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-401/