НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

481-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алған күніне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күндерінде айырмашылығы бар және күндер әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған сол салықтық кезеңде есепке алынады. Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып берілген күн көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактура жазып берілген күн болып танылады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 – 5-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы:
1) тауарлар ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттерден импортталған кезде – ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауар шығарылған күнге;
2) тауарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан импортталған кезде – бюджетке төлем жүзеге асырылған, оның ішінде есепке жатқызуларды осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізу арқылы, бірақ осындай салық есептелген, осы Кодекстің 530-бабының 6-тармағында айқындалған салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан ерте емес күнге тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
3. Бейрезидент берген және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы электрондық нысанда шот-фактура жазып берілген күнге тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Тұрған жерінде Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері жоқ қосылған құн салығын төлеушілер есепке жатқызылатын қосылған құн салығын бюджетке төлем, оның ішінде осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуларды салық төлеу есебіне жүргізу арқылы жүзеге асырылған күн тура келетін салықтық кезеңде есепке алады.
4. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған жағдайда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күн тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай шот-фактура жазып берілген күн тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Бұл ретте осы Кодекстің 499-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген қосымша шот-фактура бойынша қосылған құн салығының сомасы күші жойылды деп танылған қосымша шот-фактура жазып берілген күн тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-481/