О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

421-бап. Қосылған құн салығын есептеу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі: салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 411-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасы.
2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады: осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 383 және 384-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту қосу осы Кодекстің 422-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген, осы Кодекстің 383 және 384-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту.
2-1. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет бойынша қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі: осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан алынатын қосылған құн салығының сомасы алу осы Кодекстің 410-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығының сомасы.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:
1) оң мәнге ие болса, мұндай нәтиже осы Кодексте айқындалған тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс мәнге ие болса, мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-421/