Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
502-бап. Қосылған құн салығын есептеу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 421. Исчисление налога на добавленную стоимость
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 488 және 489-баптарына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 490-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы.
2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 503-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 464 және 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту
қосу
осы Кодекстің 503-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген, осы Кодекстің 464 және 465-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:
1) оң мәнге ие болса, мұндай нәтиже осы Кодексте айқындалған тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс мәнге ие болса, мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-502/