Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
425-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 506. Сроки уплаты налога на добавленную стоимость
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
1-1) 26.02.2021 дейін қолданылды - ҚР 02.07.2020 № 354-VI Заңымен;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын салық органына ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей – осы Кодекстің 85-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы төленуге жатады.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін ұсынылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-425/