НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

506-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – осы Кодекстің 103-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы төленуге жатады. Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін ұсынылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-506/