Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
428-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 508. Уплата налога на добавленную стоимость на импортируемые товары методом зачета
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер;
9) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:
1) осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есепке жазу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде тауарларды әкелу кезіндегі қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
2) осы Кодекстің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
7. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына сай келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-428-2/