О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

438-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Мыналар Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар: резидент-заңды тұлға; егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; егер резидент-заңды тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылған жағдайда, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімінің негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға; Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер; нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеке практикамен айналысатын, тауарларды импорттайтын адамдар; медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар; кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-438/