Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
525-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 438. Плательщики налога на добавленную стоимость в
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 448. Налогообложение международных перевозок в
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 451. Обороты и импорт, освобожденные от налога на
· толық сәйкестік кестесі
салығынан босатылған айналымдар мен импорт
1. Мыналарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:
1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 48-тарауында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
2) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер.
Осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтері.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) – 8) және 10) – 18) тармақшаларында көзделген тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
ЕАЭО шеңберінде осы тармақшада көрсетілген тауарларды импорттауды қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарға ілеспе құжаттар, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақаулық актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарларды импорттауды растау болып табылады;
3) мынадай шарттар сақталған кезде:
көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
құрауыштарды өндірушілерге қатысты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма немесе «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрауыштарын импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарларды импорттау бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг алушы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақы қосылған құн салығынан босатылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:
1) тауарлар еркін кеден аймағы немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;
2) еркін кеден аймағы немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-525/