О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

453-бап. Шот-фактура

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 527. Счет-фактура сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураларды жазып беру тәртібі осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес айқындалады. 2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жазып беріледі.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ онда:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте сатып алушы салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушысы алуға жататын тауарларды (лизинг нысанасын) лизингке берген кезде шот-фактура сыйақы есепке алынбай әрбір лизингтік төлемнің күніне лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде жазып беріледі. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің – лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетілуге тиіс.
6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі. Өзге жағдайларда импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 47-тарауында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-453/