НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

527-бап. Шот-фактура

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураларды жазып беру тәртібі осы Кодекстің 20-тарауының 1-параграфына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғанын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 207-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ онда:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) тұлғаны ЕАЭО-ға мүше мемлекетте салық төлеуші-сатып алушы ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушының алуына жататын тауарларды (лизинг нысанасын) лизингке берген кезде шот-фактура сыйақы есепке алынбаған әрбір лизингтік төлемнің күніне лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде жазып беріледі. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушінің сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жолмен бөліп көрсетілуге тиіс.
6. Импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей электрондық нысанда жазып беріледі. Өзге жағдайларда импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 20-тарауының 1-параграфында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-527/