О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

463-бап. Акциздердің мөлшерлемелері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 537. Ставки акцизов сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
1. Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi.
1-1. Өздеріне қатысты аралас (қатты (өзіндік ерекше) және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерден тұратын) салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы қатты (өзіндік ерекше) салықтық мөлшерлеме мен заттай түрде өткізілген (берілген, әкелінетін) акцизделетін тауарлар көлемінің көбейтіндісі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нәтижесінде алынған сома және осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек саудадағы бағасының адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сәйкес келетін пайыздық үлесі ретінде есептеледі.
2. Алкоголь өнiмiне акциздердің мөлшерлемелері осы баптың 1-тармағына сәйкес не оның құрамындағы сусыз (жүз пайыздық) спирттің көлемдiк үлесіне қарай бекiтiледi.
3. Спирттің барлық түрiне және толысылған шарапқа акциз мөлшерлемелері спиртті және толысылған шарапты одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.
4. Акциз сомаларын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
1) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 1) – 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға: Р/с № ЕАЭО СЭҚ ТН коды Акцизделетін тауарлардың түрлері Акциздердің мөлшерлеме-лері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) 1 2 3 4 1. 2207-ден 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған)) 600 теңге/литр 2. 2207-ден Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) 1,0 теңге/литр 3. 2208-ден Де­на­ту­рат­тал­ма­ған этил спир­ті, спирт тұн­ба­ла­ры және 80 кө­лем­дік пай­ы­здан аз спирт кон­цен­тра­ци­я­сы бар өзге де спирт­ті ішім­дік­тер (ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру үшін өт­кі­зі­ле­тін неме­се пай­да­ла­ны­ла­тын және бел­гі­лен­ген кво­та­лар ше­гін­де мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер­ге бе­рі­ле­тін де­на­ту­рат­тал­ма­ған этил спир­ті­нен бас­қа), этил спир­ті және кез кел­ген кон­цен­тра­ци­яда­ғы де­на­ту­рат­тал­ған өзге де спирт­тер (іш­кі на­рық­та тұ­ты­ну үшін де­на­ту­рат­тал­ған отын­дық (түс­сіз емес, бо­я­л­ған) этил спир­ті­нен (эта­нол­дан) бас­қа 2550 тең­ге/литр 100% спирт 3-1. 2208-ден Емдік және фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті 600 теңге/литр 100% спирт 4. 2207-ден Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті 0 теңге/литр 5. 2208-ден Денатуратталмаған этил спирті, алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер 75 теңге/литр 100% спирт 6. 3003, 3004-ден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім 500 теңге/литр 100% спирт 7. 2205, 2206 00 және 2208-ден Ал­ко­голь өні­мі (ко­ньяк­тан, брен­ди­ден, ша­рап­тан, то­лы­сы­л­ған ша­рап­тан, сы­ра қай­на­ту өні­мі­нен бас­қа) 2550 тең­ге/литр 100 % спирт 8. 2208-ден Коньяк, бренди 1000 теңге/литр 100% спирт 9. 2204-тен Ша­рап­тар 35 тең­ге/литр 10. 2204-тен То­лы­сы­л­ған ша­рап (этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру үшін өт­кі­зі­ле­тін­нен неме­се пай­да­ла­ны­ла­тын­нан бас­қа) 170 тең­ге/литр 11. 2204-тен Этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру үшін өт­кі­зі­ле­тін неме­се пай­да­ла­ны­ла­тын то­лы­сы­л­ған ша­рап 0 тең­ге/литр 12. 2203 00 Сы­ра қай­на­ту өні­мі 90 тең­ге/литр 13. 2202 90 100 1 Этил спир­ті­нің кө­лем­дік құ­ра­мы 0,5 пай­ы­здан ас­пай­тын сы­ра қай­на­ту өні­мі 0 тең­ге/литр 14. 2402-ден Фильтрлі сигареттер 15 900 теңге/1 000 дана 15. 2402-ден Фильтрсіз сигареттер, папиростар 15 900 теңге/1 000 дана 16. 2402-ден Сигариллалар 15 900 теңге/1 000 дана 17. 2402-ден Сигаралар 750 теңге/дана 18. 2403-тен Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі 14 150 теңге/ килограмм 19. 2709 00-ден Шикі мұнай, газ конденсаты 0 теңге/тонна 20. 8702-ден Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары 100 теңге/текше см 8703-тен Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 8704-тен Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 21. 2403, 2404-тен Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) 11 130 теңге/1 000 дана 22. 2404-тен Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық 55 теңге/сұйықтық миллилитрі
2) осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ескертпе. Тауар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-463/